ІІМ: аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің аулаларында көлік қоюға тыйым салынатыны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жол жүрісі қағидаларына бұл бағытта ешқандай өзгерістер енгізілмеген.

"Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қоюға қатысты талаптар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады", – деп атап өтті ІІМ.

Сонымен қатар министрлік көліктерді гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға тыйым салу нормалары бұрыннан қолданыста екенін еске салды.

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларды қолданыстағы ережелерді қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі жауапкершілікпен болуға шақырды. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.

"Ата-аналар мен заңды өкілдер балаларға көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп, жолдың жүріс бөлігінде ойнауға болмайтынын үнемі ескертіп отыруы қажет", – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Ведомствоның пікірінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барша азаматтың ортақ міндеті.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді