Қызылордада алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Қызылордада жүргізуші куәлігі жоқ күйде және алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші ұсталды.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Mercedes benz автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізуші жолаушы орындығына ауысып, көлікті өзі басқармағанын айтып жалтаруға тырысқан.

Алайда жеке басын анықтау кезінде оның алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды.

Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушінің орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған