"Мотоциклі табылды, бірақ өзі жоқ". Павлодарда 17 жастағы жасөспірім іздестірілуде

Сурет: pixabay
Павлодарда 16 маусымда жоғалып кеткен 17 жастағы Марк Коноваловты іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жасөспірім "Алтын құмдар" жағажайында жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "VITA" еріктілері мәлімдемесіне сілтеме жасап, Pavlodarnews.kz хабарлайды.

Еріктілердің мәліметінше, жасөспірім мотоциклмен жағажай бағытына шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Әзірге, оның қайда екені белгісіз. Оқиға орнынан жасөспірімнің мотоцикл ішінде қалған жеке заттары мен ұялы телефоны табылды.

Белгілері: бойы шамамен 185 сантиметр, дене бітімі арықша келген, шашы - ақсары, көзі - жасыл.

Марк Коновалов туалы кез келген ақпарат маңызды. Жоғалған азамат туралы естіп-білгендерден +7 747 615 55 63 (Екатерина) нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау шалу сұралады.

Бұған дейін Вьетнамда демалыста жүрген турист қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жазғанбыз.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі