Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері 17 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:53-те тіркелген. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,5 балды құрады. Жерасты дүмпуінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан.
"Гипоорталықтың координаттары: солтүстік ендіктің 38°35′24″ және шығыс бойлығының 49°33′0″", – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан шамамен 577 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұл – 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізі акваториясында тіркелген 34-жер сілкінісі. Аталған өңірдегі бұған дейінгі жер асты дүмпулерін қазақстандық сейсмологтар 2026 жылғы 10 маусымда тіркеген болатын.