СІМ Вьетнамға сапар жоспарлаған қазақстандықтарға жедел ескерту жасады

Сурет: pixabay
2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (СІМ) маңызды мәлімдеме жасады. Хабарлама Вьетнамға сапарлауды жоспарлап отырған азаматтарға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, СІМ қазақстандықтарды Вьетнамға бару алдында елдегі жағдайға қатысты ақпаратты мұқият тексеруге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ресми ескертулермен алдын ала танысуға шақырды.

Вьетнам тарапының мәліметінше, аталған жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алдын ала ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартуға және әуежайлардағы жолаушылар ағынын оңтайландыруға бағытталған.

PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.

Бұл ретте, PAI жүйесі Вьетнамға кіру үшін міндетті талап болып табылмайтынын және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналған.

Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал – prearrival.immigration.gov.vn арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды