"GPA көрсеткішін көтеріп беремін": елордада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласы Есіл ауданының полиция қызметкерлері GPA көрсеткішін көтеріп беремін деген желеумен азаматтарды алдаған күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында, күдікті өзін жоғары оқу орындарында ықпалды таныстары бар адам ретінде таныстырып, "университеттегі рейтингті өзгертіп беремін", "GPA-ді көтеріп беремін" деп уәде берген.

Осылайша ол екі азаматтың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 2,5 млн теңге ақшаны иемденіп алған.

Алайда күдікті уәде етілген қызметті орындамаған. Ақшаны алғаннан кейін түрлі сылтаулар айтып, кейін байланысқа шықпай, "ізін суытқан".

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі