ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық жалынды анықтады.
"ТЖМ қызметкерлері жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізді. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан бес газ және екі оттегі баллонын алып шықты. Бұл жағдайдың одан әрі күрделену қаупін болдырмауға мүмкіндік берді. Өрт толықтай сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 600 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ". Жүсіпов Данияр, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін Ақорда маңындағы балалар алаңы өртенгенін жазғанбыз.