Ақорданың маңындағы балалар алаңын өрт шарпыды

Астанада Триатлон саябағындағы балалар алаңы өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 10:34 Сурет: Telegram/kaizen_run
2026 жылғы 17 маусым күні таңертең Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өртке оранған алаң мен қою қара түтіннің таралған сәті түсірілген видеоны Threads желісіндегі kaizen_run қолданушысы жариялаған. Оқиға куәгерлері өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан.

"Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ өрт сөндіргіштен айтарлықтай пайда болмады. Мұны жасаған адамдар табылады деп үміттенемін", – деп жазды ол.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалар ойын алаңы жанған.

Желі қолданушылары пікірлерде болған оқиғаға наразылық білдіріп, оны вандализм әрекеті деп бағалаған. Алайда өрттің қасақана қойылғаны әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 маусым күні таңертең "112" нөміріне Алматы ауданындағы Триатлон саябағы аумағында орналасқан алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына алты минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел түрде ауыздықтап, 25 шаршы метр аумақты шарпыған өртті толық сөндірген.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қандай көліктердің жиі өртенетінін түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: