Астанада пластик қалдықтары сақталған ангардан алапат өрт шықты

Астанада пластик қалдықтары сақталған ангардан алапат өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 19:42 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
29 сәуір күні Астананың Байқоңыр ауданында пластик қалдықтары сақталған бөлек тұрған ангардан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Алаш тас жолының бойындағы ангарда тұтанған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша жеткен. Өртті сөндіру жұмыстары қатты соққан желге байланысты қиындатқан.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

"Өрт толықтай сөндірілді, жалпы аумағы – 280 шаршы метр", - деп нақтылады ведомство.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: