Түркістан облысында ҰҚК кедендегі делдалдықпен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылғы 12 маусымда Түркістан облысы аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер жүк көліктерінің жүргізушілеріне шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсетумен айналысқан.

Жиналған материалдар негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тінту барысында 5 дана атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады