Алматыда №131 маршрут автобусының жүргізушісі рейс кезінде көз жұмды

Фото: пресс-служба акимата Алматы
2026 жылғы 22 маусымда Алматыда автобус жүргізушісінің жағдайы нашарлап, жол-көлік оқиғасына түсіп, оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жетісу ауданында болған.

"№131 маршрут автобусының жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Mercedes және Toyota көліктерімен соқтығысқан. Алдын ала дерек бойынша, қозғалыс кезінде жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап, ол көлікті басқара алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші көз жұмды", – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Қазір мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, биылғы жылдың басында Алматыда №92 маршрут автобусының жүргізушісі де жүрек талмасынан көз жұмған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды