Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 15–21 маусым аралығында “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 15 орман өрті тіркелді. Бұл туралы бүгін, 2026 жылы 22 маусымда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабар таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, табиғатты сақтау жолындағы маңызды міндеттердің бірі – орман өрттерінің алдын алу және оларды дер кезінде сөндіру.

"2026 жылғы 15–21 маусым аралығында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 15 орман өрті тіркеліп, олардың жалпы аумағы 0,4 гектарды құрады. Барлық өрт ошақтары жедел анықталып, оқшауланып, толықтай сөндірілді. Бұл – тәулік бойы еліміздің орман қорын күзетіп жүрген резерват қызметкерлері мен "Қазавиаорманқорғау" мамандарының кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі", делінген хабарламада.

Сондай-ақ құзырлы орган өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!

Бұған дейін Ақмола облысында құны 1,8 млрд теңге болатын орман қорындағы жерлер мемлекетке қайтарылғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады