Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде кенеттен соққан алай-дүлей дауыл қалаға үлкен шығын әкелді. Қатты жел ағаштарды тамырымен жұлып, ғимараттардың шатырларын ұшырды, тіпті кей жерлерде дүлей дауыл көліктерді аударып, көшелердегі сәндік нысандарды домалатып әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір коммуналдық қызметтер мен мердігер мекемелер апат салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аудан аумағында 80-ге жуық ағаш құлап, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жапқан. Қазіргі уақытта екі арнайы бригада күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде. Сондай-ақ аудан бойынша санитарлық тазалыққа жауапты тоғыз мердігер мекеме құлаған бұталар мен жел ұшырған қоқыстарды жинауға жұмылдырылған. Ауа райының қолайсыздығы мұнымен аяқталған жоқ. Бүгін Ақтөбе қаласына қарасты Ақшат және Шилісай ауылдарында жұмыртқадай ірі бұршақ жауды, деп хабарлайды astana.tv.

Синоптиктер өңірде алдағы күндері де жауын-шашын мен қатты жел сақталуы мүмкін екенін ескертеді.

"Астана ауданы бойынша қазіргі таңда 80-ге жуық үлкен тал құлап, көше, жолдарды және жаяу жүргіншілер жолдарын жауып қалған болатын. Қазіргі таңда екі бригада күшейтілген режимде күндіз-түні жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар, ауданымыздағы санитарлық тазалыққа жауапты 9 мердігер мекеме барлық аудан бойынша қоқыстарды, сынған басқа да бұталардың барлығын жинап шығаруда. Жұмыс күндіз-түні жүргізіліп жатыр". Астана ауданы әкімдігінің ТКШБ басшысы Мирас Әжібаев

Ертең, 23 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін