70 қазақстандықтың атына олардың келісімінсіз микрокредит рәсімделген

Фото: pexels
Батыс Қазақстан облысында микрокаржы ұйымы (МҚҰ) арқылы ондаған азаматтың атына заңсыз онлайн-кредит рәсімдеу фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 маусым күні облыс прокуратурасы бұл іске қатысты деректерді жариялады.

Ведомство мәліметінше, белгісіз тұлғалар ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, азаматтардың жеке деректерін заңсыз қолданған.

"4 ақпанда белгісіз тұлға микрокаржы ұйымы арқылы Қазақстан Республикасының азаматының атына заңсыз кредит рәсімдеген. Жәбірленуші онлайн-кредит алу үшін биометриялық деректерін бермеген. Оның орнына үшінші тұлғаның деректері алаяқтық жолмен пайдаланылған", – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ дәл осындай тәсілмен басқа микрокаржы ұйымы арқылы тағы бір азаматтың атына кредит рәсімделіп, қаражат дропперлердің шоттары арқылы өзге адамдарға аударылғаны анықталды.

Прокуратура мәліметінше, микрокаржы ұйымдары арқылы жасалған заңсыз әрекеттерден жалпы 70 азамат зардап шеккен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осыған байланысты БҚО прокуратурасы азаматтарды жеке деректерінің қауіпсіздігін сақтауға және алаяқтарға алданбауға шақырды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды