Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry көлігі Гетте көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Осы уақытта Hongqi E-QM5 Покрышкин көшесімен батысқа қарай жылжыған.
Жол қиылысы алдында "Тоқта" белгісі орнатылған, бірақ Hongqi жүргізушісі, алдын-ала ақпарат бойынша, тоқтамай, Тoyota Camry-мен соқтығысқан.
Сурет: Zakon.kz
Қатты соққыдан Toyota Camry шетке ұшып түскен: көлік дөңгелектері жұлынып алды, содан кейін ол жеке үйдің қоршауын жартылай жапырып өткен.
Өз кезегінде Hongqi E-QM5 электр желісінің бағанына соғылып, оны бүлдірген.
Сурет: Zakon.kz
Апат салдарынан Toyota Camry-дің екі жолаушысы зардап шекті. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде, ЖКО-ның барлық мән-жайлары алда анықталатын болады.
Сондай-ақ, электр желілерінде болған ақауды жою үшін мамандар шақыртылғаны да белгілі.
Сурет: Zakon.kz