"Алау" басылымының "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға сілтеме жасап хабарлауынша, жасөспірім ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің мәліметінше, оның денесінің шамамен 50 пайызын термиялық күйік шалған.
Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімі аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысының немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады көліктегі полиция.
Мамандар ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге шақырып, теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін еске салды. Сондай-ақ теміржол маңында ойнауға жол бермеуді және вагондарға шығу мен басқа да қауіпті әрекеттердің қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін балаларға түсіндіруді сұрады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада тартқыш қосалқы станциялардың бірінде ток соғу салдарынан 43 жастағы электромеханик қаза тапқан болатын. Бұл қайғылы оқиғаға қатысты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ресми түсініктеме берген еді.