Кейбір алматылықтардың ұялы телефонына дабылды хабарлама келді: не үшін

Фото: pexels
2026 жылғы 1 шілде күні түстен кейін Алматы қаласының кейбір тұрғындарының телефонына "ұлттық ескерту" хабарламасы келді. Жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері нөсер жауын-шашынға байланысты Алматы тауларында сел жүру қаупі сақталып отырғанын ескерткен болатын. Осыған байланысты ТЖМ, "Қазселденқорғау" мекемесі және Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

"Жағдай тұрақты бақылауда. Мамандар сел жүруі мүмкін қауіпті аумақтарды үздіксіз қадағалауда, ал құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге дайын",- деп мәлімдеді ТЖМ.

Сонымен қатар тұрғындарды дер кезінде хабардар ету мақсатында Наурызбай ауданында жергілікті деңгейде ұлттық ескерту жүйесі іске қосылды.

Сурет: Facebook/Аскар Бажанов

"Бұл – тұрғындарға маңызды ақпаратты уақытында жеткізу үшін қабылданған алдын алу шарасы. Сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауының тауларына серуендеуге немесе демалуға бармаған жөн", – деп мәлімдеді ТЖМ.

Ведомство тұрғындарға мынадай қауіпсіздік ережелерін еске салды:

Бұған дейін жазғанымыздай, еліміздің басым бөлігінде 1 шілдеде дауылды ескерту жарияланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған