Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған

Полиция, Орал, Lada Priora, көлік ұрлау, видео , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 21:03 Сурет: unsplash
Орал қаласында полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті бірнеше сағаттың ішінде тауып, күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 маусымда таңертең болған. Тәуліктік кезекшіліктен кейін 28 жастағы тұрғыны Есенжанов көшесіндегі ғимараттардың бірінің маңына қойған Lada Priora автокөлігінің орнында жоқ екенін байқап, бірден "102" арнасына хабарлаған.

"Хабарлама түскен сәттен бастап Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Патрульдеу барысында күдіктілер оқиға орнынан бой тасалауға әрекеттенгенімен, тәртіп сақшылары оларды қысқа уақыт ішінде қолға түсірді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда Lexus көлігінің үстіне ағаш құлағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: