ТЖМ сел қаупі туындаған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

Сурет: pexels
Төтенше жағдайлар министрлігі сел жүру қаупі төнген жағдайда ұстануымыз тиіс қауіпсіздік шараларының тізімімен бөлісті. Сел тасқыны – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство сел қаупі туындауының белгілерін атады, атап айтқанда:

"Жақындап қалған сел тасқынынан елдімекендерді құлақтандыру кезінде, сонымен қатар тасқынның алғашқы белгілерінде ғимараттан тезірек кетіңіз, айналаңыздағыларға ескертіп қауіпсіз жерге шығыңыз. Өрт туындамауы үшін үйден шығарда пештегі отты толық өшіріп, газ крандарын жауып, жарықты сөндіріп, барлық электр құрылғыларын ток көзінен ажырату қажет", делінген ТЖМ сайтындағы хабарламада.

Егер үй қауіпті зонада орналасқан болса алдын-ала эвакуация кезінде алып кететін құжаттар тізімін, заттарды және дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Арнайы қапшықтарға (шабадан) құнды заттарды, жылы киімдерді, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмектерді салып қойыңыз. Сел жүріп өткеннен кейін сел жүрісінің қайталануынан, беткейлердің сырғуынан, зақымдалған және иілген электр сымдарынан, зақымдалған газ құбырларынан сақтану керек.

Сел қауіпті өзен арнасына жақын жерде тұратын және жұмыс істейтін тұрғындардың, сәйкес жауапты ұйымдардың хабарламаларын мұқият тыңдаңыз. Сел тасқынының қаупі жайлы сигналдар (құлақтандыру) бойынша өзіңізбен бірге құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге эвакуацияны жүзеге асырыңыз. Қозғалыс маршруты және жинақталу пункті ТЖ бойынша аудандық бөлімдерде және тұрғылықты жер бойынша нақтылануы керек.

Қауіпсіздік шаралары:

Бұған дейін 3 шілдеде үкімет басшысы Олжас Бектенов ағымдағы гидрологиялық жағдай бойынша жиын өткізген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

БҚО-да досын абайсызда атып өлтірген тұрғынға үкім шықты

Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді