Ақтөбе облысында өзгенің телефонынан заңсыз ақша аударған ер адам анықталды

Фото: polisia.kz
41 жастағы ер адам танысымен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған кезде достық көңіл-күйді өз пайдасына пайдалануды ұйғарған.

Танысының назары басқа жаққа ауған сәтте ол оның телефонын алып, банк қосымшасына кіріп, өзінің есепшотына 1 миллион теңге аударып жіберген. Жәбірленуші ақша аударылғанын бірнеше күннен кейін ғана банк операцияларын тексеру барысында байқап, бірден полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, аударылған ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан.

Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция ескертеді: телефон – тек байланыс құралы емес, сонымен қатар банк шоттарыңызға ашылатын "кілт".

Сондықтан дастарқан басында немесе басқа жерде телефоныңызды қараусыз қалдырмаңыз және банк қосымшаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Бір сәттік қулықтың соңы миллион емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі