Өңірдегі Төтенше жағдай департаментінің дерегіне сүйенсек, өртті сөндіру жұмыстарын Алматы облысы ТЖД бастығы, полковник Дәурен Оразбеков үйлестіруде.
Сонымен қатар, қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының 70 қызметкері, 15 бірлік техникасы, сондай-ақ ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиациясы жұмылдырылды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 51 тонна болатын 17 рет су тастау жұмысын ұйымдастырды.
"Жұмыс барысы күннің ыстықтығы мен жылдамдығы 4 м/с-қа дейін жететін солтүстік-батыс желі салдарынан күрделеніп тұр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында",- делінген 20 шілдедегі құтқарушылардың ақпаратында.
Бүгін, 21 шілдеде редакциямызға 8:30-да келіп түскен ақпарға сүйенсек, тілсіз жау толығымен сөндірілді.
Бұған дейін "Баянауыл" ұлттық паркінде өрт шыққанын жазғанбыз.