Мас күйдегі қазақстандық танымал иномарканы иесімен бірге "ұрлап кеткен"

Сурет: бейнежазба скриншоты
Көкшетауда ер адам иесі көлік ішінде ұйықтап жатқанда темір тұлпарды ұрламақ болған. Бұл туралы 2026 жылғы 27 шілдеде Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомтсво дерегіне сүйенсек, түнде дәмханада демалғаннан кейін Петропавлдың 26 жастағы тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырған.

Таң қаларлығы, бұл кезде көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.

Күдікті шамамен 10 метр жүрген, содан кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатқан.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады",- деп мәлімдеді полицейлер.

Бұған дейін Талдықорған маңында жол апаты болып үш адам таза тапқанын, тағы алтауы ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған