Ұлытау облысында той кортежіне қатысқан 8 көлік айып тұрағына қойылды

Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер анықталып, 8 көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ұлытау облысындағы мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойына байланысты ұйымдастырылған автокөліктер колоннасының жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғанын анықтады.

Жүргізілген тексеру барысында автоколоннаны ұйымдастырған азамат анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ұсақ бұзақылыққа қатысты бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған 8 автокөлік жүргізушісі анықталып, барлығы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

"Тәртіп бұзушыларға қатысты барлығы 22 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасау, жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпау, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, көлік құралын пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтамау, жол қозғалысының өзге қатысушыларына авариялық жағдай туғызу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қағидаларын бұзу және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды",- делінген құқық қорғау органдарының мәліметінде.

Бұған дейін Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған бес көлік айып тұрағына қойылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған