"Пәтеріңізді сатыңыз": Ақтөбеде полиция тұрғынның 8 млн теңгесін сақтап қалды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде полиция тұрғынның 8 млн теңгесін сақтап қалды.

Ақтөбе қаласының 56 жастағы тұрғынына өзін алдымен жеткізу қызметінің, кейін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалған. Олар жалған несие рәсімделіп жатқанын айтып, әйелді ешкімге ештеңе айтпауға және өз нұсқауларын орындауға көндірген.

Алаяқтар әйелдің екі бөлмелі пәтері бар екенін біліп, оны "мүлкіңізді сақтап қаласыз" деген желеумен нарық бағасынан төмен бағаға сатуға үгіттеген. Жәбірленуші жылжымайтын мүлік агенттігіне жүгінген. Пәтер 8 миллион теңгеге бағаланған.

Алайда агенттік менеджері алаяқтық белгілерін байқап, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйелге алаяқтардың арбауына түскенін түсіндіріп, пәтердің сатылуына жол бермеді.

Полиция ескертеді: банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан SMS-кодтарды айтуды, мүлікті сатуды немесе ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етпейді. Осындай қоңыраулар түссе, әңгімені бірден тоқтатып, полицияға хабарласыңыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі