Ведомство мәліметіне сүйенсек, жалпы Қонаев қаласында ойын бизнесі саласында 21 нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматтары залы бар. Салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді.
Ойын бизнесі аймақтың туризміне де оң әсер етіп отыр. Алматы облысы Туризм басқармасының мәліметінше, өңірдегі казиноларға келушілердің шамамен 20 пайызы – шетел азаматтары.
Бұл ретте, қолданыстағы "Ойын бизнесі туралы" заң аясында Талғар ауданында тек шетел азаматтарына арналған жаңа ойын аймағын құру жоспарланып отыр.
"Бұл бастама қоғамдық кеңесте қаралып, оң қорытынды алған".Алматы облысы әкімдігі
Әкімдік атап өткендей, жбаны Талғар ауданында орналастыру ұсынысы өңірдің туристік әлеуетімен байланысты.
Аудан Алматы қаласы мен халықаралық әуежайға жақын орналасқан. Сонымен қатар мұнда тау туризмі, сауықтыру және демалыс бағытындағы ірі нысандар шоғырланған.
Бұған дейін Астана мен Шанхай арасындағы тікелей әуе рейстері қашан іске қосылатындығы белгілі болғанын жазғанбыз.