Абай облысында TikTok-та тікелей эфирде балағат сөз айтқан бойжеткен қамауға алынды

Фото: freepik
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстардың басталғанын хабарлаған еді.

Интернет – заңсыздыққа жол беретін кеңістік емес. Әрбір құқық бұзушы анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады.

Эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, әдепсіздік көрсетті және есірткі қолданатынын мәлімдеген. Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады.

Құқық бұзушы Түркістан облысының тумасы, Семей қаласында уақытша тұрған 26 жастағы Азиза Қоқанова болып шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол алкогольдік масаң күйде болған.

Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Интернеттегі әрбір осындай тікелей эфир, заң мен қоғамдық тәртіпті бұзудың әрбір фактісі тиісті түрде құқықтық тұрғыдан бағаланып, тиісті шаралар қабылданады. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Заң — баршаға ортақ.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды