Астанада полиция алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні құрықтады

Фото: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 42 жастағы ер адамды анықтады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті ортақ танысы арқылы жәбірленушінің сеніміне кіріп, оған шахматтан спорттық разряд алуға көмектесетінін айтқан.

Көрсететін "қызметі" үшін ол 1,5 миллион теңге талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін күдікті мәселенің шешілу сатысында екенін айтып, уақыт өте түрлі сылтаумен жәбірленушіден қосымша тағы 300 мың теңге сұраған.

Қолына ақша түскен соң, ол ұзақ уақыт бойы түрлі уәделер беріп, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол полиция қызметкерлерімен басқа қалада ұсталып, Астанаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады.

Жеке байланыстары арқылы мәселені шешіп беремін немесе белгілі бір қызметтер мен құжаттарды алуға кепілдік беремін деп уәде беретін адамдарға сеніп, ақша бермеңіз. Ресми қызметтерді тек заңда белгіленген тәртіппен алыңыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі