Шілде айында полицияға ер адамның анасы хабарласып, ұлының сәуір айында үйден шығып кеткенін, содан бері оралмағанын әрі байланысқа шықпағанын айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары хабар-ошарсыз кеткен азаматтың Қарағанды облысы Саран қаласының маңындағы дала аумағында жүргенін анықтады. Белгілі болғандай, ер адам табыс табу үшін жұмысқа кеткен.
Жолда телефонын жоғалтып алғандықтан, жақындарымен байланыса алмаған. Жаңа телефон сатып алуға қаражаты болмаған. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, оған қатысты ешқандай қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалмаған.
Полицейлер өңір тұрғындарын тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерінен ұзақ уақытқа кететін жағдайда бұл туралы міндетті түрде туыстары мен жақындарына алдын ала хабарлауға шақырады.