Алматы облысында полиция жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Алматы облысында полиция қызметкерлері жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты.

Күдіктілерді анықтауда Жедел басқару орталығының қызметкерлері шешуші рөл атқарып, зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктілердің жүріп өткен бағытын жедел қалпына келтіріп, олардың жеке басын анықтады.

Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдауға дереу кірісті.

ЖБО операторлары мен полицияның жедел бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адамның да жеке басы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде", – дейді полиция.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, заманауи бейнебақылау жүйелері мен Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері қылмыстарды ашуда маңызды құрал болып табылады. Олардың көмегімен күдіктілердің қозғалыс бағыттарын жедел бақылауға, полиция жасақтарының іс-қимылдарын үйлестіруге және қылмыстарды ашу мен қылмыскерлерді ұстауға қажетті уақытты едәуір қысқартуға мүмкіндік бар.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды