Жетісайдағы тойдан тараған даулы бейнежазбаға ІІМ пікір білдірді

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысындағы дүбірлі тойдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, тіпті құқық қорғау органдарының да назарына ілікті. Желідегі ағайынның ашуына тиген видеоға қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері қамтылған бейнежазба анықталғанын атап өтті.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді". ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі

Тексеруге Жетісайдағы тойлардың бірінде түсірілген бейнежазба негіз болды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, той барысында сөз сөйлеген адам – қалыңдықтың туысы.

Жарияланған видеода ер адам той өткізу тәртібі туралы пікір білдіріп, үйлену тойларында ішімдіктен бас тартқаннан кейін басқа да өзгерістерді қарастыру қажет екенін айтқан. Атап айтқанда, ол музыкалық сүйемелдеуден бас тартуды, сондай-ақ ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызуды ұсынған.

ІІМ оқиғаға түсініктеме бере отырып, сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

"Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға беріледі",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Оралда туысының алтын әшекейін ұрлаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады