Алматыда жүргізушіні соққыға жыққан ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов 2026 жылғы 12 тамызда жолда жүргізушілер арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Генерал-майордың айтуынша, джип жүргізушісі күш қолданғаны үшін ұсталған.

"Осы дерек бойынша полиция дереу сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Айдын Қабдұлдинов.

Тергеу барысы генерал-майордың тікелей бақылауында. Полиция жүргізушінің ұсталғаны және тергеу изоляторына қамалғаны туралы кадрларды көрсетті.


Еске салайық, Сейфулин даңғылында орын алған оқиға 11 тамызда әлеуметтік желіде жарияланған еді. Көліктің бейбақылау камерасына түсірілген видеода жүргізуші бұрылып жатқан джиптің алдына тоқтамай, оны айналып өткені көрінеді. Кейін джип жүргізушісі оны тоқтауға мәжбүрлеген. Кейін ер адам көлігінен шыққан кезде бетінен соққы алады. Соққының салдарынан құлап, денесі құрысып қалған. Ал шабуыл жасаған жүргізуші оны көлігіне қарай сүйреп апарған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін