Павлодарда үйден 470 мың теңге ұрлады деген күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Павлодарда жеке үйге терезе арқылы кіріп, 470 мың теңге ұрлады деген күдікті ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның үйіне терезе арқылы кіріп, ақшасын ұрлап кеткенін айтқан.

Арыз түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы қысқа уақыт ішінде анықталып, ол қолға түсті.


"Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция тұрғындарды мүлік қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Ақша мен бағалы заттарды көзге көрінетін әрі оңай қол жеткізуге болатын жерде қалдырмаған жөн. Үйден шығарда есік пен терезелердің жабық екеніне көз жеткізу қажет.

Сондай-ақ тұрғын үйге сенімді құлып, күзет дабылы немесе бейнебақылау жүйесін орнату ұрлықтың алдын алып, мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан
Алматы
Павлодар
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды