Алматыдағы Шығыс айналма жолында жаппай жол апаты болып, көлік қозғалысы тоқтады

Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 17 тамызда түнгі уақытта Алматыдағы Шығыс айналма жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына 11 көлік қатысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушілердің бірінің айтуынша, оқыс оқиғаның орын алуына жолдың тайғақ болуы себеп болған.

Сурет: Zakon.kz.

Оның айтуынша, жол апатына аз уақыт қалғанда асфальттағы шаң мен кірді жуу үшін жолға су себілген.

Сурет: Zakon.kz.

Алдын ала болжам бойынша, осыдан кейін Howo жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, соның салдарынан бірнеше көлік бірінен соң бірі соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz.

Алайда жол апатының нақты ресми себебі әзірге анықталған жоқ.

Сурет: Zakon.kz.

Апат салдарынан зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны қазір анықталып жатыр.

Сурет: Zakon.kz.

Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері келіп, болған жағдайдың мән-жайын анықтауда.

Сурет: Zakon.kz.

Шығыс айналма жолындағы көлік қозғалысы уақытша қиындап, іс жүзінде тоқтап қалды.

Сурет: Zakon.kz.

Зардап шеккендердің жағдайы мен жол апатының себептері туралы ресми ақпарат нақтыланып жатыр.

Бұған дейін Астана-Щучинск тасжолында жол апаты болғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін