Тоқаев Артур Ластаевты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне қайта тағайындады

Сурет: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Артур Ластаевты Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында хабарланды:

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ластаев Артур Ермекұлы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды".

Артур Ластаев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша үздік бітірген. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Экономика және құқық негіздері" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

2015 жылы АҚШ-тың Вирджиния университетінде қылмыстық сот төрелігі бойынша магистрлік бағдарламадан (сертификат), сондай-ақ АҚШ-тың Куантико қаласындағы ФБР ұлттық академиясында (диплом) білім алды.

2018 жылы Швейцариядағы Женева университетінде "Қарулы қақтығыстар кезіндегі халықаралық құқық" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын Алматы қаласының прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы органдарында бастады. 2016–2022 жылдары Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінде қызмет атқарды.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы қызметін атқарды.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Сенат оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне сайлады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 24 тамызда Мемлекет басшысы Тимур Сүлейменовті Ұлттық банк төрағасы, Дмитрий Малаховты Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы, ал Ермек Сағымбаевты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне қайта тағайындады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін