Кездесу барысында Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасына қатысты фракция жетекшілерімен консультация өткізуі қажет екенін айтты.
Талқылауға:
- "Әділет" партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев;
- "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов;
- Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров;
- "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновтің кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынғаны хабарланған еді.