Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қаринді қабылдап, бірқатар міндет жүктеді
Сурет: akorda.kz
Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сай, кездесу барысында президент вице-президент лауазымының Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік ету тапсырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Президенттің ұстанымын жеткізеді.
Еске салайық, Ерлан Қарин Вице-Президент лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілді. Оның қызметі Мемлекет басшысының атынан өкілдік етуге, сондай-ақ Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.