ШҚО тұрғыны есірткімен ұсталып, күтпеген сылтау айтты

Фото: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткіні заңсыз сақтаудың ірі фактісінің жолын кесті. Үй иесінің күмәнді әрекеті мен өткір иісі тәртіп сақшыларының назарын аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, Үлкен Нарын ауданының 48 жастағы тұрғынының ауласы мен қосалқы құрылыстарында шұғыл тінту жүргізу кезінде күдікті заттар анықталған.

Ер адамның үйінің аумағынан полицейлер 22 түп қарасора, ал шаруашылық бөлмелерінен өсімдік тектес зат салынған жасырын орамалар мен ыдыстар тапқан.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер кептірілмеген каннабис болып шықты. Сонымен қатар анықталған заттардың жалпы салмағы 700 грамнан асатын марихуана екені белгіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 6,7 келіден асты", – делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру ер адамның тексеру кезінде каннабиноидтардың әсерінде болғанын көрсетті. Ұсталған азамат полицейлерге өзін ақтауға тырысып, қарасора өсірумен айналыспағанын айтқан.

Оның сөзінше, ол жабайы түрде өсетін қарасораны тек жеке тұтыну үшін жинаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін, 2026 жылғы 25 тамызда, Қазақстан Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрестің ауқымы туралы мәлімдеген болатын. Құқық қорғау органдарын әсіресе жасөспірімдердің есірткіге әуес болуы алаңдатып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты