40 млн теңгеден астам пара: ҰҚК Көлік министрлігінің екі лауазымды тұлғасын ұстады

Фото: pexels
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы тамызда прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары ұсталды.

Олар жүктерінің салмағы рұқсат етілген нормадан асатын көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етті деген күдікке ілінді.

"Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам материалдық сыйақы алған", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған тұлғалар соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін, 9 қыркүйекте, ҰҚК Шымкенттегі жоғары лауазымды шенеунікке қатысты іске түсініктеме берген еді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды