Ақтауда көлік пен гараждан 215 электронды темекі тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Ақтауда криминалдық полиция қызметкерлері 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 3 қыркүйекте полиция қызметкерлері Ақтау қаласының 28А шағын ауданында Changan маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде WAKA маркалы 64 электронды темекі табылып, тәркіленді.

Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында тәртіп сақшылары қаланың өнеркәсіптік аймағындағы гараждардың бірін тінтті. Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі мен 31 қаптама снюс анықталды.

Осылайша, полицейлер жалпы саны 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюсті тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады.

Полиция тыйым салынған өнімдерді заңсыз айналымға шығарғаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескертіп, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған