Алматы облысында тауға шыққан екі жасөспірім құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Өткен түнде құтқарушылар Алматы облысының Қарасай ауданында, "Терра" алаңы маңында таудан өздігінен түсе алмаған екі жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2600 метр биіктікте болған, көмектің қажет болғанын Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары анықтаған.

"Жасөспірімдермен байланыс үзілмей, олардың орналасқан жері анықталды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге түсіріп, туыстарына тапсырды.Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады".

Бұған дейін Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлағанын жазғанбыз.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған