Алматыда балықшы көлден оқ-дәрі салынған сөмке тауып алды

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Алматыда балық аулауға барған ер адамның қармағына оқ-дәрі салынған сөмке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 17:30 шамасында Түрксіб ауданынан "102" арнасына хабарлама түскен.

Ер адам қаладағы "Маяк" көлінде балық аулап отырған. Бір кезде қармағы ауыр затқа ілінгенін байқаған. Ол қармақ жібін тартып шығарғанда, ілгекке сөмке ілінгенін көрген. Сөмкені ашып қараса, ішінен патрондар шыққан.

"Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу барды. Оқ-дәрілер тәркіленіп, баллистикалық сараптама тағайындалды. Енді мамандар табылған патрондардың шығу тегі мен кімге тиесілі екенін анықтауы керек", – деді полиция департаментінің өкілдері.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ жасырылған орындар әлі де анықталып келеді. Соңғы рет мұндай жасырын қоймалар Шымкент пен Петропавлдан табылды. Полиция ол жерлерден мылтықтар, шолақ мылтықтар, тапанша, оқ өткізбейтін кеудеше және оқ-дәрілер тәркіледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті