Талдықорғанда 85 млн теңгеден астам бюджет қаражаты "асфальт астында" қала жаздады

Фото: Zakon.kz
Талдықорғанда жылу желілерін жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың 85,1 млн теңгеге негізсіз артық есептелгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала прокуратурасының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі мәліметінше, заң бұзушылық мемлекеттік инвестициялық жобаны тексеру барысында белгілі болған.

Прокурорлар Талдықорғандағы магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту жобасын зерделеген. Нәтижесінде сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде алынатын асфальтбетонның салмағы қате есептелгені анықталды. Есептеу барысында жолдан алынатын асфальт қабатының қалыңдығы ескерілмеген.


"Соның салдарынан шығарылатын қалдықтардың салмағы нақты 5273,7 тоннаның орнына 105 474 тонна болып көрсетілген. Яғни көрсеткіш 20 есе артық есептелген. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде шарттың құны 85,1 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді", – деп хабарлады прокуратура.

Жалпы, прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Жетісу облысында 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алынды.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықты анықтаған еді. Кәсіпкер шамамен 50 тонна сазды заңсыз өндіріп, тасып әкеткен. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған