Бостандыққа шыққан ер адам заң бұзып, қайтадан темір торға тоғытылды

Фото: pexels
Батыс Қазақстан облысында сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жергілікті тұрғынның бұл шешімін жойып, оны қайтадан колонияға жіберді. Ол полицияға тағы да мас күйінде, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізіп ұсталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі мәліметінше, ауыл тұрғынының құқық бұзушылыққа қатысты істері аз емес. БҚО сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бастапқыда Сырым аудандық соты оны ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеуге соттаған.

Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін оған тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы нақты жазаға ауыстырылып, 2 жыл 7 ай 23 күн бас бостандығынан айыру белгіленген. Алайда кейін Орал қалалық соты оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатқан.

Оның өтелмеген жазасы 11 ай 20 күнді құраған. Бірақ ер адам түзелу жолына түспеген.

"2026 жылы оны полиция қызметкерлері ұстады: ол мас күйінде, жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген, сонымен қатар жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Осы өрескел құқық бұзушылықтары үшін сот оны 30 тәулікке әкімшілік қамауға алды", – делінген хабарламада.

Осыдан кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы құқық бұзушыны қайтадан колонияға жіберу туралы сотқа өтініш берген. Сот отырысында сотталған адам кінәсін толық мойындап, шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазасын жоймауды сұраған. Алайда заң талабы қатаң: пробациялық бақылау кезеңінде қайтадан әкімшілік құқық бұзушылық жасау оның бостандықта қалуына мүмкіндік бермеген.

Сот полицияның өтінішін толық қанағаттандырды. Енді ер адам қалған 10 айлық бас бостандығынан айыру жазасын колонияда өтеуі тиіс.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыдағы мейрамханада мас прокурор ұсталды деген ақпарат тарады