БАӘ-дегі апалы-сіңлілі қыздардың өлімі: СІМ тергеу шаралары әлі жүріп жатқанын жеткізді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында Біріқอดай Араб Әмірліктерінде қаза тапқан екі қазақстандық бойжеткен оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тергеу амалдары әлі де жалғасуда.

"Не болғанын айтуға әлі ерте. Өйткені тергеу шаралары әлі жалғасуда. Ешқандай ақпарат жария етуге жатпайды. Демек, біз де бұл жағдайды дәл қазір түсіндіруге дайын емеспіз. Тергеу аяқталған кезде біз оның нәтижелерін ұсынып, түсініктеме беретін боламыз", – деді Жанболат Үсенов.

БАӘ-де қаза тапқан қазақстандық әпкелі-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың денесі Қазақстанға 2026 жылғы 29 тамызға қараған түні жеткізілді. Сол күні олар жер қойнына тапсырылды. Қыздардың әкесі бұған дейін түсініктеме берген болатын.

Ақжан мен Жұлдыз жалдамалы пәтерден өлі күйінде табылды. Ата-анасының айтуынша, олар Шарджада сұлулық салонында жұмыс істеген.

БАЭ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды