ШҚО-дағы Зайсан көлінен суға батып кеткен екі балықшы іздестірілуде

Сурет: primeminister.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде балықшылардың қайығы аударылып, екі адам суға батты, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылдық округінде болған. Үш ер адам қайықпен балық аулауға шыққан.

Желдің күрт күшеюіне байланысты қайық аударылып қалған. Балықшылардың бірі (1968 жылы туған) өз бетімен жағаға шығып үлгерген. Ал қалған екі ер адам (1968 және 1995 жылы туғандар) суға батып кетті.

"Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, катерлер, жүзу құралдары және су асты дроны жұмылдырылды", деп хабарлады ШҚО ТЖД-дан.

Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр, соның ішінде жергілікті тұрғындар да бұл іске ат салысуда.

Бұған дейін БҚО-да өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны хабарланған.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді