Алматыда аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт болды

Фото: pixabay
Алматыда 21 қыркүйекке қараған түні Мәсғұт Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат Instagram желісінде пайда болды.

"Нақты не жанып жатқаны және қандай да бір қауіптің бар-жоғы әзірге белгісіз", – делінген жарияланымда.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі мәлімдегендей, 20 қыркүйек сағат 23:45-те өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданындағы Жахангер көшесі, 14 мекенжайына жіберілген.

"Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатында шамамен 20 шаршы метр аумақта тұрмыстық техника мен заттардың жанып жатқанын анықтады. Сағат 00:38-де өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД-дан 20 қызметкер және 5 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының сайтында көрсетілгендей, бұл – Қазақстандағы эпидемиологиялық қадағалау, карантиндік және зооноздық инфекциялардың алдын алу және олармен күрес саласындағы жетекші мемлекеттік мекеме. Орталық елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Айта кетейік, бөгде адамдардың Аса қауіпті инфекциялар орталығына кіруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені нысан жабық аумақта орналасқан.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды