Дәулет Бекманов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Сурет: nitec.kz
Бүгін, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәулет Бекмановты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми құжатта.

Дәулет Бекманов 1983 жылғы 20 қарашада дүниеге келген.

2004 жылы "Мирас" жекеменшік университетін "Информатика", 2010 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы "Медиа Софт Астана" ЖШС-де жүйелік инженер болып бастаған. 2006 жылғы қазаннан 2011 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ақпараттық архивтік технологиялар бөлімінде маман, "Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды басқару орталығы" ЖШС-де жетекші маман, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да бас талдаушы болып жұмыс істеген.

2011 жылғы қазаннан 2018 жылғы қыркүйекке дейін байланыс, көлік, инвестициялар және ақпарат салаларына жауапты мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған.

2018 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы ақпанға дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2020 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы болған.

2023 жылғы мамырдан 2025 жылғы шілдеге дейін "Қазпошта" АҚ-да пошта сервистері және мемлекеттік қызметтер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. 2025 жылғы 2 шілдеден бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болған.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең басты байлығымыз – туған еліміз

Қазақстан трансұлттық қылмыстарды тергеу бойынша жаңа мүмкіндіктерге ие болады

Маңғыстауда ысталған балықтан уланған баланың жағдайына қатысты тың дерек жарияланды