Алматы облысында ер адам сталкинг үшін сотталды

Фото: pexels
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сот алдында жауап берді. Іс айыптау үкімімен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам 2025 жылдың күзінен бастап жәбірленушіге бірнеше рет қоңырау шалып, WhatsApp арқылы хабарламалар жіберіп, онымен байланыс орнатуға тырысқан.

Әйел онымен араласудан үзілді-кесілді бас тартқанына қарамастан, ер адамның байланысқа шығуға деген табанды әрекеттері тоқтамаған.

"Нәтижесінде жәбірленуші өзін қауіпсіз сезінуден қалып, үйреншікті өмір салтын өзгертуге мәжбүр болды", – деді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Жүйелі түрде аңдудан шаршаған әйел құқық қорғау органдарына жүгінген.

Істі Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы ("Сталкинг") бойынша қарады.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін толық мойындап, өкінгенін, сондай-ақ жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмағанын ескерді.

Нәтижесінде сот ер адамды қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталған адамнан жәбірленушілерге өтемақы беру қорына 5 АЕК мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді