Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі:
"Жер сілкінісі болды. Ақпарат өңделіп жатыр", – деп мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) жер сілкінісінің қаншалықты сезілгені туралы мәлімет нақтыланып жатқанын қосты.
"Сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеулеріңізді сұраймыз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер. Жағдай бақылауда", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда бұл – екінші жер сілкінісі. Біріншісі сағат 06:32-де тіркелген.