Алматы облысында жер сілкінісі болды

Фото: pixabay
28 қыркүйек күні түстен кейін Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ұлттық деректер орталығының (KNDC) сайты ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығына сілтеме жасап жазғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 13:53-те Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде болған. Бұл – Алматыдан шамамен 247 шақырым.

Жер сілкінісі эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 42,81 градусы және шығыс бойлықтың 79,89 градусы. Магнитудасы – mb 4,2, энергетикалық класы – K 9,4. Ошақтың тереңдігі – 7 шақырым. Дүмпудің сезілгені туралы мәлімет жоқ.

28 қыркүйекте Алматыда да жер сілкінісі сезілген еді. Оның қаладағы қарқындылығы 3–4 балл болды. Сол күні таңертең ерте Қазақстанда тағы бір сейсмикалық оқиға тіркелді. Құтқарушылар оның ошағы нақты қай жерде орналасқанын хабарламады және дүмпулердің Алматыда сезілмегенін мәлімдеді. Кейін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қалада күшті жер сілкінісі болу болжамы туралы айтты. Сондай-ақ Алматыдағы жер сілкіністерінің ошақтарына қатысты жаңартылған мәлімет жарияланды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Осы үш жұлдыз белгісінің өкілдерін қаржылық молшылық күтіп тұр

Қазақстандықтарға салықтық жеңілдік жасалуы мүмкін: кімдер жеке табыс салығын төлемейді

ШҚО-да жол жөндеу кезінде табылған адам сүйегіне қатысты тың дерек шықты

21 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

FlyArystan Сауда және интеграция министрлігімен соттасып, жеңіліп қалды